Астананың опера әншілері Ақтөбе облысының шалғай ауылдарында концерт берді

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Елена Ганжа мен Дина Атамқұлова Ақтөбенің шалғай ауылдарында концерт берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған ән кешінде итальяндық және қазақ композиторларының классикалық шығармалары — опера мен ариялары орындалды.

Кеш барысында «Ақбақай», «Гауһартас», «Қарағым-ай», «Алқоңыр», «Ақ сұңқар» халық әндері, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні Ғазиза Жұбанованың, Александр Зацепиннің шығармалары, Латиф Хамидидің «Көктем вальсі» шырқалды.

Сонымен бірге, ауыл тұрғындары опера әншілерінің орындауында «O Marenariello», «O sole mio», «Mamma», «Memory», «Funiculi, Funiculi» шығармаларын тамашалады.

Концерттер Әйтеке би ауданының Комсомол, Қарабұтақ және Аралтоғай ауылдарында өтті. Бұрын соңды мұндай классикалық сусындамаған шалғай ауыл тұрғындары өнер иелеріне ризашылықтарын білдіріп, орындарынан тік тұрып, ұзақ қол соқты.

Leave a Comment